Жапонияның Киото қаласында ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін төрт медальмен қорытындылады.
Кирилл Тубаев байдаркамен ескек есуден 10 шақырымдық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ал Полат Төребеков каноэмен ескек есуден дәл осы қашықтықта топ жарды.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар 3400 метрлік жарыста да жеңіске жеткен. Кирилл Тубаев байдаркамен есуден, ал Полат Төребеков каноэмен есуден алтын медаль иеленген.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алды.
Бұған дейін, Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта үздік атанып, Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып жеткенін жазған едік.