Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

246

Қазақстандық жұп Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.  

Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Қазақстандық Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық есуден Айчи–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) бәсекесінде мәреге бірінші болып жетіп, алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық экипаж басты қарсыласы Қытай құрамасын 2,09 секундқа басып озды.

Бұған дейін Яковлев пен Чернухин 2025 жылы Азия чемпионатында қола жүлде иеленіп, биыл Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өткен Азия кубогында алтын алған.

Бүгін спортшылар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге ерлер арасындағы рульшісіз төрттік сында А финалында да бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу