Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық экипаж ерлер арасындағы 500 метрлік каноэ-екілік сайысында мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қысқа уақыт ішінде есу спортынан үш жүлде жеңіп алды. Бұған дейін Владислав Яковлев пен Иван Чернухин алтын, Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс медаль алған еді.
Айта кетейік, бұған дейінгі жазғы Азия ойындарында Қазақстан бұл есу дисциплиналарында медаль иеленбеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу