Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

262

Финалдық бәсекеде Шмелева мен Токарницкая екінші нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.  

Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэде есу жарысында әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта байдарка-екілік сайысында екінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Түркістанда 2025 жылы халықаралық деңгейдегі ескек есу каналы пайдалануға берілді. Аумағы шамамен 100 гектар болатын нысанның ұзындығы 2,2 шақырымнан асады. Кешен спортшыларға жаттығуға және ірі халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Шмелева мен Токарницкаяның күмісі Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы кезекті жүлдесі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу