Қазақстандық футболшы Армения чемпионатына ауысты

1009

Одан өзге де жаңалықтар топтасын назарларыңызға ұсынамыз. 

Қазақстандық футболшы Армения чемпионатына ауысты

Арменияның 4-дүркін чемпионы "Алашкерт" Тумир Рудосельскийді қатарына қосты. Тимур Армения біріншілігінде бұған дейін "Лори", "Севан" және "Нораванк" командаларында доп тепті. "Нораванк" сапында ол Армения Кубогін иеленген болатын. "Сары-қаралардың" отбасының бір бөлшегіне айналғаныма қуаныштымын. "Алашкерт" мені жақсы қарсы алды. Чемпионаттың екінші бөлігінде тартысты бәсекелер күтіп тұр. Біз соған басты назар қоямыз". Рудосельский өз отанында "Қайрат", "Жетісу", "Қайсар", "Оқжетпес" және "Тұран" командаларының намысын қорғаған еді.

27-жасар Никита Чагров "Оқжетпес" қаралымына келді. Ол соңғы рет исландиялық "Коудренгир" ұжымында доп тепкен болатын. Ұзын бойлы қақпашы өз мансабында "Торпедо", "Ростов", "Чайка" және "Авангард" командаларында өнер көрсеткен. Трансфермаркет Никитаны 50 мың еуроға бағалауда. Еске салайық, "Оқжетпес" бірінші лиганың жеңіп, ҚПЛ жолдама алған болатын.

21-жастағы Денис Митрофанов "Ислочь" футболшысы атанды. Команда шабуылшымен 2024 жылға дейін келісімшартқа отырды. "Ислочь" командасы Денисті қазақша жолдаумен күтіп алыпты. Жолдауда: "Біздің командаға қош келдіңіз Денис!" - делінген. Митрофанов семейлік "Алтайдың" түлегі. Бұл командамен ол екінші лигада өнер көрсеткен. Жас футболшы өз мансабында "Қайрат", "Қайрат-Мәскеу" және "Қайрат-Жастар" ұжымдарының намысын қорғаған. Өткен жылдың шілде айында Митрофанов Ресейден отанына келіп, "Атырау" сапын толықтырды. Бұған дейін, бұл футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының U-19 қатарына шақырту алған болатын.

ҚПЛ өнер көрсетіп жүргеніне 8 жыл толған Карлос Фонсека мансабын отанында жалғастырады. Футболшы өзі түлеп шыққан "Санта Мария" ФК қайтып оралады деген ақпар бар. Бұл клуб қазіргі сәтте әуесқой деңгейде өнер көрсетуде. Қазақстанда Фонсека "Ертіс", "Тобыл" және "Қызыл-Жар" ұжымдарының намысын қорғап келді. Петропавлдық командадан ол 2021 жылы кеткен болатын.

Камерундық Маки Баньяк "Нижний Новгород" сапын толықтырды. Футболшы ресейлік клубта жалға ойнамақ. Жарақат алған Маки өткен маусымның тең жартысын лазаретте өткізген болатын. Ол "Қайратта" бар болғаны 8 ойын ғана өткізді. Камерундық "Барселона" түлегі. Ойыншы бұл ұжымның екінші командасында 43 рет алаңға шыққан екен. Баньяк өз мансабында "Сарагоса", "Любляна" және "Партизан" командаларының жүйесінде болып қайтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу