Словакияның "Тренчин" клубында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбеков командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
19 жастағы футболшының айтуынша, ол клубпен жаңа келісімшартқа отырған.
– Маусым барысында аздаған жарақаттар болды, бірақ қазір бәрі жақсы. "Тренчинде" қаламын. Клубпен тағы екі жылдық келісімшарт жасастым, – деді ойыншы ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін "Тобыл" сапында өнер көрсеткен Шахмұрза Адырбеков Словакия клубына 2025 жылдың қыркүйегінде ауысқан болатын. Осы уақытқа дейін ол "Тренчин" құрамында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас авторы атанды.