Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында өнер көрсетеді

239

Чемпионат 18 мамырда аяқталады.

Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында өнер көрсетеді Фото: sport-pulse.kz

Бүгін, 16 мамырда Сингапурдың OCBC Arena кешенінде көркем гимнастикадан 16-шы Азия чемпионаты мен 21-ші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Бұл додада Азияның үздік гимнастшылары, соның ішінде Қытай, Жапония және Қазақстан құрамаларының спортшылары өнер көрсетеді.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жекелей және топтық бағдарламаларда сынға түседі.

Жекелей сында еліміздің намысын Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды.

Олар – халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Айбота Ертайқызы бұған дейінгі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, жанкүйерлердің сеніміне ие болды.

Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы келесі спортшылардан құралған: Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хакимжанова, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская.

Команданы тәжірибелі бапкер Меруерт Төлегенқызы Балғынбаева жаттықтырады.

Хореографтар – Шыңғыс Әсетұлы Оспанбаев пен Саая Алексеевна Айдыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу