25 қараша күні қазақстандық қақпашы Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасында испаниялық "Барселонаға" қарсы ойнауы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
33 жастағы Стас Покатилов – "Сабах" клубының капитаны әрі негізгі қақпашысы. Ол сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. 2026/27 жылғы Ұлттар лигасындағы 6 матчтың төртеуінде алаңға шықты.
Бакудегі ойын тарихи оқиғаға айналуы мүмкін. Егер Покатилов алаңға шықса, ол "Барселонаның" ерлер командасына қарсы ресми матчта ойнаған алғашқы қазақстандық футболшы атанады.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 4 турдан кейін "Сабах" 3 ұпай жинап, жалпы кестеде 31-орында тұр. Ал тоғыз ұпайы бар "Барселона" бесінші сатыға жайғасты.
Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч 22:35-те басталады.