Астаналық Анджей Кинзерский Жапония чемпионатында топ жарған тұңғыш шетелдік каратэші атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жапония астанасы Токиода шинкиокушинкай каратэден өткен 57-ші Бүкіл Жапония ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.
Айтулы додаға Қазақстан, Жапония, Беларусь және Ресей елдерінен келген 160-қа жуық каратэші қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Ерлер арасында абсолютті салмақта жерлесіміз Анджей Кинзерский тарихи жеңіске жетті.
Айта кетейік, Анджей шинкиокушинкай каратэ түрінен Бүкіл Жапония ашық чемпионатында 1-орынды иеленген тұңғыш шетелдік спортшы болып тарихқа енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу