Қазақстандық конькишілер қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді

203

Бүгін қазақстандық спортшылар скиатлон және конькимен жүгіру жарыстарында сынға түсті.

Қазақстандық конькишілер қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасындағы конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды.

Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасынан 2 спортшы өнер көрсетіп, екеуі де үздік ондықтың қатарына енді. Надежда Морозова 4 минут 01,200 секунд нәтижемен 6-орынды иеленсе, Елизавета Голубева 4 минут 03,300 секунд көрсеткішімен 10-орынға тұрақтады.

Бұл қашықтықта италиялық Франческа Лолобриджида 3 минут 54,280 секунд нәтижемен мәреге жетіп, Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде норвегиялық Ранье Виклундқа (3 минут 56,54 секунд) бұйырса, қола медаль канадалық Валери Мальтеға (3 минут 56,93 секунд) табысталды.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасындағы шаңғы жарысында да жеңімпаздар анықталды. Алтын медальді швециялық Фрида Карлссон иеленді. Күміс жүлде оның отандасы Эбба Андерссонға бұйырды. Қола медаль Норвегия спортшысы Хейди Венгке берілді.

Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Степашкина жарысты 53-орынмен аяқтаса, Ксения Шалыгина 60-нәтиже көрсетті. Аталған сайысқа барлығы 70 спортшы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу