Қазақстандық қорғаушы Чехия чемпионатына ауысты

152

Кәсіби мансабында Тимур Рудосельский жалпы 218 матч өткізіп, 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Қазақстандық қорғаушы Чехия чемпионатына ауысты Фото: kazfootball.kz

31 жастағы қазақстандық орталық қорғаушы Тимур Рудосельский мансабын Еуропада жалғастыратын болды. Ол Чехияның "Варнсдорф" клубымен келісімшартқа қол қойды.

Transfermarkt мәліметінше, келісім 2026 жылдың 31 наурызында рәсімделген. Қазақстандық футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды.

"Варнсдорф" қазіргі уақытта Чехия чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсетеді.

Бұл Рудосельскийдің шетелдегі кезекті тәжірибесі. Бұған дейін ол Қазақстан, Армения және Израиль чемпионаттарында ойнаған. Әр жылдары қорғаушы "Қайрат", "Жетісу", "Қайсар", "Оқжетпес", "Тұран", "Ақтөбе" клубтарының намысын қорғады.

Сондай-ақ, Арменияның "Лори", "Севан", "Нораванк", "Алашкерт", "Вест Армения" командаларында, сондай-ақ Израильдің "Хапоэль Петах-Тиква" сапында өнер көрсетті. Соңғы клубы – қарағандылық "Шахтер".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу