Әзербайжанда өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы топтық жаттығуларда керемет нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.
Финалда бес лентамен өнер көрсеткен қазақстандық гимнастшы қыздар 21.850 ұпай жинады.
Жарысқа Қытай, Израиль, Болгария, Түркия, Италия, Финляндия, Украина және Қазақстан сынды 8 елден командалар қатысты.
25.150 ұпаймен Қытай құрамасы алтын медаль иеленді. Ал күміс жүлде 23.000 ұпай жинаған Израиль құрамасына бұйырды.
Келесі әлем кубогы 25-27 сәуір аралығында Ташкентте өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу