Қазақстандық қос палуан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

142

Жарыс Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатыр.

Қазақстандық қос палуан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі Фото: www.ijf.org

Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін бақ сынайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елдос 60 келі салмақта ширек финалда әзірбайжандық Балабей Агаевтан жеңілді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Украина өкілі Артем Лесюкті тізе бүктірді.

Дәл осы салмақта Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновке есе жіберді. Осылайша, Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар қола жүлде үшін өзара күш сынасады.

Ал, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Искандар Махмадхожазодаға (Тәжікстан) жол берді. Сондай-ақ жұбаныш белдесуінде отандасымыз әзірбайжандық Рашад Елькиевтен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу