Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетеді

69

Қазақстан құрамасы бәсекенің төрт санатының барлығында бақ сынайды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетеді Фото: olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Түркияның Анкара қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының төртінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс 17-19 қыркүйек аралығында Ümitköy Ice Skating Complex мұз айдынында өтеді.

Жасөспірімдер арасындағы сайыста Никита Козлов бәсекеге түссе, жекелей  сында қыздар арасында Сафия Абаева ел намысын қорғайды.

Жұптық сайыста Қазақстан атынан Василианна Шелестова мен Абай Садықов өнер көрсетеді. Ал мұздағы биде ел намысын Ева Шелаева мен Иван Соловьев қорғайды.

2026/27 жылғы маусымдағы жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы жеті кезеңнен тұрады. Анкарадағы жарыстан кейін бәсеке Грузияның Батуми, Словенияның Любляна және Польшаның Гданьск қалаларында жалғасады.

Серияның финалы 10-13 желтоқсан аралығында Қытайдың Чунцин қаласында өтеді.

Жасөспірімдер арасындағы сайыста Никита Козлов ел намысын қорғаса, қыздар арасындағы жекелей сында Сафия Абаева мұз айдынына шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу