Қазақстандық маунтинбайк шеберлері Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

275

Бүгін Қытайда велоспорттан Азия чемпионаты басталды.

Қазақстандық маунтинбайк шеберлері Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның маунтинбайк құрамасы күміс медаль жеңіп алды. 

Командамыз эстафетада сынға түсіп, Богдан Лухманов, Виолетта Казакова, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Юлия Ли және Алина Карасева ел намысын қорғады.

Ұлттық құрама жарысты олимпиадалық емес бағдарламадағы эстафетадан бастады. Ал алда – басты кезең: жақын күндері спортшыларымыз олимпиадалық кросс-кантри сайысында бақ сынайды.

Азия чемпионатында әлемнің 15 елінен келген 160 спортшы сынға түсуде. Турнир 27 сәуірге дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу