Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының кезекті турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыста Қазақстан намысын қорғаған Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25 минут 6 секундта бағындырды.
Жарыс жеңімпазы қытайлық Тин Ван атанды. Ол мәре сызығын 24 минут 14 секундта кесіп өтті. Үздік үштікті тағы бір Қытай спортшысы Цзыи Чжан түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу