Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік 5 жас бағдарламашының қатарына енді

264

Бұл – Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік 5 жас бағдарламашының қатарына енді Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. 

Астана қаласындағы "Spectrum" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

Күміс медаль иегерлері:

Алдияр Сейтбай – Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Мансур Мамадахунов – Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Асқар Әкежан – Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

Қазақстан құрама жетекшілері:
Сатылханов Темірлан – Astana IT University бас жаттықтырушысы;
Қуанышбай Айбар – International University of Information Technology синьор-лекторы.

2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Биыл ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты.

Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу