Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.
Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғары жас санаты (9-11 сынып):
Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты (информатика);
Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты (информатика);
Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);
Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 "Білім-инновация" лицей-интернаты (математика).
Кіші жас санаты (7-8 сынып):
Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернаты (математика);
Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);
Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 "Білім-инновация" лицей-интернаты (информатика);
Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты (информатика).
Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.