Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Ким Донхунды иппонмен жеңіп, жарыс чемпионы атанды.
Осы салмақта Ғалымжан Смағұлұлы Иран өкілі Реза Голамиден басым түсіп, қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде сингапурлық Хунг Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 20-ға жетті. Оның төртеуі – алтын жүлде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу