Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары ұсынылған Орталық Азия байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық "Qaitadan" фильмі "Үздік фильм" аталымында Гран-при иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Qaitadan" соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.
Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат – STEPPE AWARDS сыйлығының "Кинематография" санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.