Қазақстандық Ризабек Айтмұхан мамыр айының үздік балуаны атанды

239

Біріккен әлем күресі ұйымы қазақстандық спортшыны жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы жеңісі үшін үздік деп таныды.  

Қазақстандық Ризабек Айтмұхан мамыр айының үздік балуаны атанды Фото: Kursiv Media

Біріккен әлем күресі (United World Wrestling) қазақстандық Ризабек Айтмұханды мамыр айының үздік еркін күрес балуаны деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамыр айында қазақстандық спортшы Вьетнамда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. UWW мәліметінше, Айтмұхан 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында барлық үш кездесуін техникалық басымдықпен аяқтап, өз жас санатындағы екінші құрлықтық чемпиондық атағын иеленген.

Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан үндістандық Лакиді 10:0, өзбекстандық Отабек Назирбоевті 11:1 және қырғызстандық Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу