Қазақстандық шабандоз "Астана Про Тим" сапынан кетті

1440

Жандос Бижігітов елордалық велоклубта төрт маусым бойы өнер көрсетті.

Қазақстандық шабандоз "Астана Про Тим" сапынан кетті

Биылға жылдың соңында өкінішке орай, тағы бір қазақстандық велошабандоз Жандос Бижігітов "Астана Про Тим" командасынан кетеді. Осыған байланысты велоклуб Жандостың командаға қосқан өлшеусіз үлесі мен жеңіске жетуге көмектескені үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

""Астана Про Тим" ұжымы Жандос Бижігітовке команда сапында өткізген  төрт жыл үшін шын жүректен алғыс білдіреді! Бұл уақыт аралығында команда көптеген тамаша жеңістер мен маңызды жетістіктерге жетті! Жандостың барлық жаңа бастамаларына сәттілік пен өмір жолында жаңа жеңістер тілейміз!", - деп жазды елордалық велоклубтың баспасөз қызметі. Жандос төрт маусым бойы негізгі қазақстандық велокомандасының құрамында болды. Ол өзін өте сенімді команда өкілі ретінде және классикалық жарыстарда көшбасшылардың мықты көмекшісі ретінде танытты.

Әлемдік турдағы өзінің алғашқы маусымында Жандос Джиро д'Италияға қатысып, Гранд-турда бақ сынады. Бірақ, кейіннен ол классикалық жарыстарға қатысып жүрді. Бижігітов әрдайым 100% өзін жақсы жағынан көрсететін. Ол "классикадан" басқа,  апталық жарыстарда өзінің командалық шеберліктерін танытып жүрді.  Көшбасшыларға жүлделі орындарды иеленуге және жеңіске жетуге көмектесті. Жандос Бижігітовтің көпкүндік турларда көрсеткен статистикасы өте керемет! "Астана Про Тиммен" төрт жыл бойы Бижігітов қатысқан 13 жарыста қазақстандық команданың көшбасшысы жалпы есепте жеңіске жетіп, жүлделерге ие болды.

Сонымен қатар, "Астана Про Тим" құрамында болған уақытында Жандос Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі шабандоздарының бірі болды. Ол Азия чемпионаттарында (командалық жарыстағы жеңіс) және Азия ойындарында (Алексей Луценконың жеңісі) командалық есепте жеңіске жетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу