Қазақстандық шабандоздар Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

1356

Бүгін Сунчхонда (Оңтүстік Корея) маунтинбайктен Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстандық шабандоздар Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Жарыстың соңғы күні қатысушылар кросс-кантри элиминатор жарысы бойынша сынға түсті. Бұл санат бойынша Қазақстан құрамасы Алина Саркулова мен Виолетта Казакованың тамаша өнерінің арқасында тағы да жүлделі орындарға ие болды.

Алина Саркулова элиталық санаттағы әйелдер арасындағы тау велосипедінен Азияның тұңғыш чемпионы ретінде қазақстандық велоспорт тарихына енді. Ол алтын жүлдегер атанды. Дәл осы дисциплина бойынша Виолетта Казакова күміс медаль жеңіп алды.

"Кросс-кантри элиминатор бұл қызықты спорт түрі. Бұл шараға элиталық санатта жасөспірімдер жіберілді. Ал біздің жасөспірімдер жасына қарамастан мықты өнер көрсетті. Алина Саркулова медаль алады деп күттік. Ал Виолетта Казакова, әрине, бізді қатты таң қалдырды. Ол спринтерлік қасиеттерін көрсетті. Біз оған ризамыз. Жарайсыңдар қыздар! Азия чемпионатын тамаша нәтижемен аяқтадық. Ерлер арасында біздің шабандоздарымыз финалға жолдама ала алмады. Өйткені біздің ойыншыларымыз қарқын бойынша күштірек, ал азиялық қарсыластар спринттік қасиеттерімен танымал. Бұл жарыста біз соңғы екі жылда алғаш рет азиялық шабандоздардың деңгейін байқап көрдік. Өйткені біз олармен пандемия уақытында және одан кейін де кездескен емеспіз. Бұл біз үшін үлкен жұмбақ болды. Осы уақыт ішінде біздің тау шабандоздарымыз күшейе түскені белгілі болды. Бұл бізді қатты қуантады", – дейді маунтинбайктен еліміздің құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Дымовских.

Еске салайық, бұған дейін велошабандоздарымыз ұлттық құрама қоржынына 5 медаль салған болатын. 18 қазан Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Саркулова және Темірлан Мұхамедьянов эстафетада жеңіске жетті. 21 қазанда кросс-кантриден жасөспірімдер Алина Спирина бірінші, Виолетта Казакова екінші орындарды иеленсе, кейінірек Денис Сергиенко дәл осы спорт түрінен күміс медальға қол жеткізді. 22 қазан күні кросс олимпиадасында Алина Саркулова да үшінші орын алды.

Осылайша, маунтинбайктен Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатын 7 медальмен аяқтады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу