Қазақстандық шабандоздар Польшадағы халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды

223

Раиса Соколенко жарыста алтын және күміс медаль иеленді.  

Қазақстандық шабандоздар Польшадағы халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Польшаның Вежбна қаласында ат спортының конкур түрінен Wierzbna Bialy Las халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы жарысты бір алтын және екі күміс медальмен қорытындылады.

Турнирдің шешуші күнінде қазақстандық шабандоздар кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI3* бәсекесінде алғашқы екі орынды иеленді. Раиса Соколенко Chevalier атымен өнер көрсетіп, жарысты айып ұпайынсыз аяқтап, алтын медаль жеңіп алды. Олег Соколенко Shenanigan атымен екінші орынға жайғасты.

Үздік үштікті польшалық Малгожата Кошуцка V-Querida of Vigo Z атымен түйіндеді.

Бұған дейін Раиса Соколенко Chevalier атымен CSI1* санатындағы 120 сантиметрлік бәсекеде күміс медаль иеленген.

Осылайша, Қазақстан құрамасының спортшылары Wierzbna Bialy Las турнирінде үш жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу