Бұған дейін әйелдер құрамасы Самарқандта өткен 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрама сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева бар.
Федерация бапкерлерді де назардан тыс қалдырмайды. Команда капитаны әрі бас бапкер Павел Коцур мен бапкер Александр Моисеенконың әрқайсысына 20 миллион теңгеден табысталса, Арыстанбек Оразаевқа 5 миллион теңге беріледі.
Осылайша, шахматшылар мен бапкерлерге төленетін сыйақының жалпы сомасы 145 миллион теңгеге жетеді.
Жаза кеткен жөн, Қазақстанның әйелдер құрамасы 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында да күміс жүлдеге ие болды. Сол кезде де әр шахматшыға 20 миллион теңгеден сыйақы берілген болатын.