Қазақстандық шахматшы Токиода күміс жүлде жеңіп алды

150

Алуа Нұрман халықаралық турнирдің финалына дейін жетіп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.  

Қазақстандық шахматшы Токиода күміс жүлде жеңіп алды Фото: Baq.kz

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман WR Women’s Chess Tour 2026 – Tokyo Asian Leg халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Токиода 6–7 маусым күндері өткен жарыстың рапид бағдарламасында өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда болгариялық гроссмейстер Антоанета Стефанованы, ал жартылай финалда турнир фавориттерінің бірі Катерина Лагноны жеңіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Алуа үндістандық гроссмейстер Вайшали Рамешбабумен кездесіп, тартысты бәсекеде қарсыласына жол берді. Соған қарамастан, 8 ұпай жинаған қазақстандық спортшы турнирдің күміс медалін иеленіп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.

19 жастағы Алуа Нұрман – халықаралық шебер және әйелдер арасындағы гроссмейстер. Ол бұған дейін Қазақстан құрамасымен бірге шахмат олимпиадасы мен командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, халықаралық ареналарда бірнеше мәрте табысты өнер көрсеткен.

Қазіргі уақытта Алуа Нұрман әйелдер арасындағы FIDE рейтингінде 27-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу