Қазақстандық шахматшылар 100 мың доллар жүлде қоры бар Азия чемпионатында өнер көрсетеді

204

Турнир жеңімпаздары 2027 жылғы Әлем кубогына жолдама алады.  

Қазақстандық шахматшылар 100 мың доллар жүлде қоры бар Азия чемпионатында өнер көрсетеді Фото: sport pulse

2026 жылғы 29 мамыр мен 6 маусым аралығында Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 21-ші Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Турнир жеңімпаздары 2027 жылы өтетін Әлем кубогына жолдама алады. Ашық санаттағы жарысқа 28 елден 147 шахматшы қатысса, әйелдер турнирінде 17 елден 101 спортшы бақ сынайды.

Ерлер арасындағы жарыстың басты фавориті ретінде қытайлық гроссмейстер Юй Янъи көрсетілсе, әйелдер арасында өткен жылғы Азия чемпионы Сун Юйсинь үздіктер қатарында тұр.

Қазақстан атынан турнирге GM Әлішер Сүлейменов, FM Сұлтанбейбарыс Думанұлы, FM Ерлан Тлеуханов, IM Меруерт Камалиденова, WGM Әмина Қайырбекова, WGM Ксения Балабаева, WIM Елназ Қалиахмет, WIM Зарина Нұрғалиева және WFM Мария Холявко қатысуда.

Чемпионат швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды. Ерлер арасында – 60 000 доллар, әйелдер арасында – 40 000 доллар, оның ішінде жеңімпаздар тиісінше 15 000 және 12 000 доллар сыйақы алады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу