Қазақстандық шорт-трекшілер қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді

202

Денис Никиша қысқы Олимпиада ойындарындағы үздік нәтижесін тіркеді.

Қазақстандық шорт-трекшілер қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі

Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықтың В финалында қазақстандық Денис Никиша 41.948 секунд нәтижемен жетінші орын алды. Бұл оның аталған қашықтықтағы ең үздік көрсеткіштерінің бірі.

Жарыста екі дүркін Олимпиада чемпионы Шаоан Лю 41.525 секунд көрсетіп, үздік атанды. Польша өкілі Феликс Пижон 45.345 секунд уақыт тіркесе, канадалық Максим Лаун 1:22.896 секунд нәтижемен мәреге жетті. Италиялық Пьетро Сигель жарысқа қатысқан жоқ.

Айта кетейік, Денис Никиша бұған дейін Бейжің Олимпиадасында да В финалында өнер көрсетіп, сегізінші орын иеленген еді. Миландағы дода спортшының мансабындағы төртінші Олимпиадасы.

Сондай-ақ шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге ширек финалдық жарыста қазақстандық Абзал Әжіғалиев төртінші Олимпиадасында 4-топта сынға түсіп, мәреге бесінші болып жетті. Дегенмен спортшымыз жартылай финалға өте алмай, жарыс жолын аяқтады. Абзал Әжіғалиев бұған дейін Бейжің Олимпиадасында төртінші орын алған болатын. Осылайша шорт-трекшілеріміз жарыс жолын аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу