Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында алтын алды

181

Қазақстандық спортшы жарыс қашықтығын 1 сағат 49 секундта бағындырды.  

Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында алтын алды Фото: olympic.kz

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшы Дарын Қонысбаев ерлер арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз жарыс қашықтығын 1 сағат 00 минут 49 секундта бағындырып, бірінші орын иеленді.

Күміс медальді Ресей спортшысы Григорий Антипов 1:01:01 нәтижесімен жеңіп алды. Тағы бір ресейлік Алексей Петровский 1:01:17 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық өзге спортшылардың нәтижесі:

  • Рамазан Әйнегов – 20-орын;
  • Елмұрат Қанай – 25-орын;
  • Нұрасыл Сапарбек – 26-орын;
  • Федор Кузнецов – 30-орын;
  • Арсений Шевченко – 31-орын;
  • Матвей Шевнин – 35-орын;
  • Әлинаби Маралбеков – 40-орын.

Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Алуа Нұрмұхамет 14-орын алды. Калерия Шнейдер – 18, Арина Шульгина – 19, Рамина Агабаев – 20, Вероника Иванюк 22-орынға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу