Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында 2 алтын медаль жеңіп алды

121

Колумбияда әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында 2 алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Медельин қаласында ұйымдастырылған әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы еркін бағдарламада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 195,2476 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, еркін бағдарламада Қазақстанның әйелдер құрамасы да алтын медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин қола жүлде иеленген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу