Қазақстандық спортшылар қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады

553

Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында 42 спортшы Қазақстанды таныстыратын болады.

Қазақстандық спортшылар қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Аталмыш жарыстың Кореяда өтетінін ХОК 2020 жылдың 10 қаңтарында Швейцарияның Лозанна қаласында ұйымдастырылған 135-ші сессиясында мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазақстандықтар Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуы үшін 30 лицензия жеңіп алды;

Жасөспірімдер ұлттық құрамасы жеті спорт түрінің бесеуіне қатысады.

Астана, 4 қаңтар, 2024 жыл – 19 қаңтар Канвонда (Оңтүстік Корея) қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өз шымылдығын айқара ашады – бұл 2024 жылғы Олимпиаданың алғашқы старттарының беталысы. Бүгін Ұлттық құрама команданың алдағы қысқы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысу мәселелерін Астанада Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (ҚР ТжСМ) бірлескен отырысында талқылады.

Жұмыс кеңесі Туризм және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірлесіп ашқан Жедел штаб орталығында өтті. Орталық жас спортшылардың Канвонмен арадағы байланысты жедел мониторинг пен үйлестіруді қамтамасыз етеді. Әрі қарай, орталық жедел штаб өз жұмысын Париждегі 2024 Олимпиадасына дайындыққа бағыттайды.

2024 жылғы қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға құрама командалардың дайындық процесінің барысы туралы ведомстволардың басшылары, бас және мемлекеттік жаттықтырушылар хабарлап, қазіргі уақытта Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы дайындықтың соңғы кезеңіне шыққанын атап өтті.

"Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанды бес спорт түрінен және 10 пәннен 42 спортшы таныстыратын болады, атап айтқанда: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы спорты, және фристайл параллель могулдан. Біздің спортшылар 30 қажетті лицензияға иелік етті. Лозаннадағы 2020 жылғы қысқы жасөспірімдер ойындарымен салыстырғанда жақсы көрсеткіш болды, онда құрамада төрт спорт түрінен 26 спортшы болған-ды. Сонымен қатар, Канвон – 2024 ұлттық құрама командасы жасөспірімдер олимпиадасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жақсы әлеуетке ие деп сеніммен айта аламын", - деп атап өтті кеңес барысында ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.

Канвон-2024 Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтарда ашылып, 1 ақпанға дейін өтеді.Жасөспірімдер стартына әлемнің 50 елінен 1800 спортшы қатысады. Жеті спорт түрінен (15 пән) 81 медаль жиынтығы ойналады. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылғы 3 ақпанда құрылды және 1993 жылғы қыркүйекте Халықаралық Олимпиада комитетінің растауына ие болды.

ҚР ҰОК тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. ҚР ҰОК өз қызметінде ХОК Олимпиадалық хартиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және ҚР ҰОК Жарғысын басшылыққа алады. Ұлттық Олимпиада комитетінің қызметін мемлекет қаржыландырмайды.

ҚР ҰОК миссиясы Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қорғау, олимпиадалық құндылықтарды – Қазақстан Республикасының аумағында сыйластық, достық пен кемелдікті ілгерілету болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу