Қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында командалық есепте 18-нәтиже көрсетті

106

Бүгін Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. 

Қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында командалық есепте 18-нәтиже көрсетті

Бүгін 15 наурыздан 16 наурызға қараған түні Италияның Кортина-д’Ампеццо қаласында орналасқан "Стадио олимпико дель гьяччо" - керлингке арналған Олимпиадалық стадионда Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты Астана уақыты бойынша 00:30-да өтеді. Тікелей эфирді Qazaqstan және Qazsport арналарынан тамашалауға болады.

Өзінің бай олимпиадалық тарихының арқасында "Доломит Альпілерінің ханшайымы" атанған Кортина 2026 жылғы ойындардың соңғы парағын жазуға лайықты орын саналады. Дәл осы жерде 1956 жылы Италия алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарының кереметін сезінген болатын. Содан бері Кортина қысқы спорт, мәдениет және табиғат үйлесім тапқан ерекше мекенге айналды.

Паралимпиада ойындары бүгін мәресіне жетіп, жалпы медаль кестесіндегі елдердің орындары да белгілі болды. Қазақстан құрамасы бұл додада 18-орынға жайғасты.

Ұлттық құрама сапынан Ербол Хамитов ел намысын абыроймен қорғап, екі жүлде жеңіп алды. Ол парабиатлоннан 4,5 шақырымдық  із қуу сайысында (отырып) Қазақстан қоржынына алтын жүлдені салды. Сонымен қатар парашаңғы спринтінде қола медаль жеңіп алды. 

Жалпы медальдар кестесінде Қытай құрамасы көш бастады. Қытай спортшылары 15 алтын, 13 күміс және 16 қола медаль иеленіп, бірінші орынға тұрақтады. Екінші орынды АҚШ құрамасы (13 алтын, 5 күміс, 6 қола) иеленсе, үшінші орын Ресей спортшыларына (8 алтын, 1 күміс, 3 қола) бұйырды.

Айта кетейік, бұл Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан жеті спортшы қатысты. Олар парашаңғы жарысы мен парабиатлон бойынша бақ сынады. Жарыс жолына Ербол Хамитовтен бөлек Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачова, Нұрлан Әлімұлы және Денис Кобаль шықты.

Осылайша, қазақстандық спортшылар халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу