Онда ел спортшыларына қатысты бірқатар шектеу, дәлірек айтқанда ережелер бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұдан былай қазақстандағы спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне балағат сөздер айтуға және өзінің діни сенімін көрсетуге тыйым салынып отыр. Сонымен қатар, басқаларды діни бірлестіктерге қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға мәжбүрлеуге де жол жоқ.
Негізінен, "Спорттық этика" құжатында екі бөлім бар. Ол – жалпы ережелер мен мінез-құлық ережелері. Алғашқы бөлімде жаттықтырушы, төреші, жарыс, спорттық іс-шара, спорттық этика анықталады. Екіншісінде спортшылардың, жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының және спорт төрешілерінің мінез-құлқын реттейді.
– Спортшыларға балағат сөздер айтуға, жаттығу туралы ақпаратты жариялауға, Қазақстанның беделіне нұқсан келтіруге, біреуді қорқытуға тыйым салынады. Спортшылар қоғамға жат әрекеттерден, қоғамдық орындарда мас болудан аулақ болуы керек. Қазақстанның атынан қатысатын спортшылар қарсыластарды, көрермендерді, ұйымдастырушыларды, еріктілерді құрметтеуге, кемсітушілік пен саяси демонстрацияларға жол бермеуі керек. Спортшылар әнұранды орындау кезінде этикалық нормаларды сақтауға, төрешілердің шешімін құрметтеуге, қоғамдық даулардан аулақ болуға, БАҚ өкілдерімен сыйластық қарым-қатынаста болуға және басқа спортшыларға үлгі болуы тиіс, – деп жазылған ережелерде.
Құжат жарияланғаннан соң 10 күн өткенде ғана ереже күшіне енеді.