Бүгін Қытайда таеквондодан Әлем чемпионаты басталады. 57 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Мария Севостьянова алғашқы екі қарсыласын – габондық Коумба Маддассаны (2:0) және венгриялық Лука Патакфалвиді (2:1) жеңді.
Енді ол Париж Олимпиадасының чемпионы, оңтүстіккореялық Ким Ю Чинмен кездеседі.
Таеквондодан әлем чемпионаты 24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында өтуде. Биылғы жарыста 179 елден келген 991 спортшы сынға түсуде. Қазақстан құрамасы сапынан 16 таеквондошы – 8 ер және 8 әйел спортшы ел намысын қорғауда.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қазанда өткен WT федерациясының отырысында 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы алғаш рет Қазақстанға берілді. Жарыс Астанада өтеді деп жоспарлануда.