Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таэквондодан Әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық спортшылар 10-14 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында бес медаль алды. Атап айтқанда, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті.
Әлем чемпионатында ел құрамасынан Хамзаальпер Ромашкин (61 келі) мен Сағынғали Жантөре (65 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал Аятжан Әмірханов (57 келі) күміс медаль алса, Алла Цой (47 келі) мен Аида Гожалимова (51 келі) үздік үштікті түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу