Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 58-орын) Майами қаласында өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдің екінші айналымында сенсациялық нәтиже көрсетті. Ол АҚШ өкілі, әлемнің тоғызыншы ракеткасы Бен Шелтонды жарыс жолынан шығарды.
Кездесу үш сетке созылып, 6:7 (3:7), 7:6 (7:3), 6:3 есебімен аяқталды. Алғашқы екі партия тартысты өтіп, тай-брейк арқылы шешілді. Шешуші сетте қазақстандық теннисші екінші геймде брейк жасап, сол артықшылықты матч соңына дейін сақтап қалды.
Аталған кездесу Miami Open турнирінің екінші айналымы аясында өтті.
Үшінші айналымда Александр Шевченко франциялық теннисші Юго Умбермен кездеседі. 1/16 финал 23-наурыз күні өтеді.