Қазақстандық теннисші мен серіктесі тартысты матчта жеңіске жетті

152

Хасководағы алаңда нағыз мінез бен төзімділік сыналды.  

Қазақстандық теннисші мен серіктесі тартысты матчта жеңіске жетті Фото: Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева украиналық әріптесі Валерия Стаховамен бірге Болгарияның Хасково қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жұптық сында қазақстандық-украиндық дуэт бірінші айналымда болгариялық теннисшілер Лидия Энчева мен Денислава Глушковамен кездесті. Қарсыластар тартысты өткен матчта 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңіліп, Құламбаева мен Стахова келесі кезеңге жолдама алды.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

Айта кетейік, Хасково қаласындағы ITF W50 турнирі 15–21 маусым аралығында өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 40 000 АҚШ долларын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу