Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

292

16 жасар спортшы Испаниядағы халықаралық турнирде маусымдағы екінші титулын жеңіп алды.  

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды Фото: Казахстанская федерация тенниса

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Испанияда өткен ITF World Tennis Tour Juniors сериясындағы J60 Les Franqueses del Vallès халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста 16 жасар қазақстандық теннисші турнирдің бесінші ракеткасы ретінде сынға түсіп, өзінен тәжірибелі қарсыластарын жеңіп, финалға дейін жетті.

Шешуші кездесуде Томирис турнирдің алтыншы ракеткасы, испаниялық Лилиана Четри Родригеспен кездесті. Алғашқы сетті 4:6 есебімен бергенімен, кейінгі екі партияда басымдық танытып, 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл Томирис Нұржанның биылғы маусымдағы және мансабындағы ITF Juniors сериясындағы екінші титулы болды. Бұған дейін ол сәуір айында Алжирде өткен J60 санатындағы турнирде жеңімпаз атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу