Қазақстандық теннисшілер Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

206

Әзірге теннисшілеріміздің аяқ алысы жаман емес. 

Қазақстандық теннисшілер Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2026 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті. Бублик мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" турниріне топ-10 ойыншысы мәртебесінде қатысты. Оның қарсыласы америкалық Дженсон Бруксби болды.

Бублик матчты үш сетте 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп шықты. Кездесу 2 сағат 7 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 13 эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді. Ал Бруксби төрт эйс орындап, бір қос қателік жіберді.

Келесі айналымда Александр Бублик венгриялық Мартон Фучовичпен кездеседі. Матч 21 қаңтарға жоспарланған.

Сондай-ақ бүгін тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко да Australian Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Алғашқы кезеңде ол швециялық Элиас Имерді (ATP №175) – 3:6, 7:5, 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Шевченко алғашқы сетте жеңіліс тапқанымен, кейінгі үш партияда қатарынан басым түсіп, камбэк жасады.

Кездесу 3 сағат 17 минутқа созылды. Бұған дейін Шевченко Australian Open турнирінің екінші айналымына шықпаған еді.

Келесі кезеңде Александр Шевченко америкалық Лёрнер Тьен (ATP №29) мен Маркос Гирон (ATP №51) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу