Қазақстандық теннисшілер Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

186

Қос қазақстандық теннисші ширек финалда кездесетін болды. 

Қазақстандық теннисшілер Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты Фото: mail.kz

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко Кицбюель (Аустрия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Әлемнің 30-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы Александр Бублик екінші айналымда рейтингіде 130-орындағы аргентиналық Тьяго Агустин Тирантенің мысын басты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Бублик 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Рейтингіде 110-сатыдағы Александр Шевченко екінші кездесуін әлемнің 91-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен өткізді. Мұнда 7:5, 6:4 есебі тіркелді. Енді қос қазақстандық теннисші ширек финалда өзара кездеседі.

Айта кетейік, Бублик пен Шевченко бір апта бұрын Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP 250 турнирінің екінші кезеңінде кездесіп, Бублик екі сетте жеңіске жеткен еді. Алдағы матчтың да айқын фавориті Бублик екені сөзсіз. Матч бүгін Қазақстан уақыты бойынша 17:00-де басталады. 

Үшінші айналымға өткендері үшін қазақстандықтар 18 015 еуро сыйақы және 50 рейтингтік ұпай алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу