Аталмыш жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық жұп финалға дейін іркілмей жетті.
Соңғы бәсекеде доданың 4-ракеткалары, испаниялық Селия Сервино Руис — словакиялық Тамара Шрамковамен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Асылжан мен Іңкәр 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте испаниялық-словакиялық дуэт қарымта қайырды – 6:2. Дегенмен супер тай-брейкте қазақстандықтар есесін жібермеді – 10:6. Өткен жылы да Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай осындай бірнеше турнирде топ жарған еді.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина Сен-Мало (Франция) челленджер турнирінің финалынан тыс қалды. Ол америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге жартылай финалда тайбэйлік Чан Хао-Чин – америкалық Ивана Корлейге есе жіберді – 4:6, 6:7 (4:7).