Қазақстандық теннисшілер "Ролан Гарростың" финалында француздарға есе жіберді

1718

Финалда жерлестеріміз корт қожайындарымен кездесті.

Қазақстандық теннисшілер "Ролан Гарростың" финалында француздарға есе жіберді

Александр Бублик пен Андрей Голубев спорттық мансабында және қазақстандық ерлер теннисі тарихында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің финалында ойнады. "Ролан Гарроста" олар үш сетке созылған шешуші кездесуде француз дуэті Николя Маю мен Пьер-Юг Эрберге ұтылды - 6: 4, 6: 7 (1: 7), 4: 6.

Сарапшылардың басым бөлігі ойынға дейін француздарға басымдық берді. Себебі Эрбер мен Маю 2019-жылы Аустралия ашық чемпионатын жеңіске жетсе, ал бір жыл бұрын олар Франция ашық чемпионатында да жеңіс тойын тойлаған.

Алғашқы партияда қазақстандықтар брейк-пойнтты орындап, алға шықты. Есеп 5:3 болғанда Бублик допты ойынға қосу барысында кателесті. Алайда, 10-шы геймде теннисшілеріміз сәтті ойнап, бұл біздің спортшыларға алғашқы партияда жеңіске жетуге мүмкіндік берді - 6: 4.

Екінші сеттің төртінші геймінде француздар брейк жасады. Алайда, кезекті ойында қазақстандықтар есе қайтара алды. Екінші сеттің шешуші сәтінде тай-брейкте Маю мен Эрбердің жолы болды - 7: 6 (7: 1).
Үшінші кезең қос тараптардың кезек-кезек ойынға иелік етуімен тартысты өтті. Тек жетінші геймде ғана Маю мен Эрбер бір ғана брейк-пойынтты жүзеге асырып, кубокты жеңіп алды.

2 сағат 11 минутқа созылған кездесуде қазақстандықтар алты эйс жасап, допты ойынға қосу барысында бес рет қателесіп, төрт брейк-пойнтты орындады. Ал олардың қарсыластары төрт рет допты ойынға қосу барысында қателесті және екі еселенген қателік жасап, төрт брейкті сәтті орындады.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу