Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы жарыстың финалисі атанды

631

Қазақстандықтар, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова мен Дана Байдәулет Түркияның Анталья қаласында ITF World Tennis Tour W15 жарысының финалисі атанды.

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы жарыстың финалисі атанды

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында финалда турнирдің үшінші ракеткалары, нидерландылық Мерель Хоед – италиялық Мириан Тонаға жол берді – 4:6, 4:6.

Team Kazakhstan академиясының аға бапкері Ирина Чичмареваның айтуынша, бұл – олардың ересектер арасындағы алғашқы жетістігі.

"Финалда жеңіліп қалғанына қарамастан, Асылжан мен Дана бір апта бойы табысты өнер көрсетті. Соңғы бәсекеге дейін олар доданың екінші және төртінші ракеткаларын ұтты. Сондықтан біз дұрыс бағыттамыз деп есептейміз. Ұдайы жаттыға білсек, бұдан да биік шыңды бағындыруға болады", деді И.Чичмарева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу