Қазақстандық теннисшілердің келесі қарсыластары кімдер?

1379

Еліміздің теннисші қыздары биылғы маусымды командалық әлем чемпионатымен аяқтайды.

Қазақстандық теннисшілердің келесі қарсыластары кімдер?

Тағы бір теннис маусымы аяқталуға жақын. ATP-де өнер көрсететін ойыншылардың жыл соңына дейін алты турнирі қалды. Оның ішінде үш ATP 250, екі ATP 500, Париждегі Мастерс, сонымен қатар Туриндегі жылдың финалдық турнирі, сонымен қатар бірнеше Челленджер турнирлері.

WTA-да жыл соңына дейін қыздар Гвадалахарада (Мексика) WTA 100, Техастағы (АҚШ) финалдық турнирде ойнайды және маусымды қарашада Глазго қаласында (Шотландия) өтетін командалық әлем чемпионаты – Билли Жин Кинг кубогымен аяқтайды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик үш ATP 250 турнирін де жіберіп алып. Дегенмен ол алда өтетін Венада немесе Базельдегі және Париждегі Мастерстегі ATP 500 жарысының біріне қатысады. Ерлер құрамасының көшбасшылары Андрей Голубев пен Александр Недовесов Стокгольмде ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді. Қазақстандықтар бірінші айналымда Astana Open ATP 250 – 2021 турнирінің жеңімпаздары мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андреас Мольтениге  қарсы өнер көрсетеді.

Перуде Тимофей Скатов Челленджердің бірінші айналымында іріктеу жеңімпазына қарсы ойнайды. Дмитрий Попко Эквадордағы Челленджерде өзін көрсетуге тырысады. Онда ол аргентиналық Хуан Баутиста Отегимен кездеседі. Әлемдік рейтингтің ТОП-300-іне жылдам енген Бейбіт Жұқаев Неапольде (Италия) өтетін ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде сынға түседі. Қазақстандық бірінші айналымда италиялық Джулио Зеппиримен кездеседі.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Гвадалахарадағы WTA 1000 сериялы турнирінің 1-кезеңінде чехиялық Каролина Плишковаға қарсы ойнайды. Жарыстың екінші кезеңіне өту үшін Юлия Путинцева іріктеудің жеңімпазымен ойнауы керек. Бұл турнирдің жұптық сайысында Қазақстан намысын Анна Данилина қорғайды.

Ал қазақстандық жасөспірімдер Ташкентке баруы керек. Дүйсенбі, 17 қазанда Өзбекстан астанасында екінші санаттағы ITF Juniors сериясының турнирі басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу