Қазақстандық теннисшілердің US Open турниріндегі қарсыластары анықталды

440

US Open турнирінің жүлде қоры 90 миллион долларды құрайды. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаздар 5 миллион доллардан, ал финалға шыққандар 3,6 миллион доллардан алады.

Қазақстандық теннисшілердің US Open турниріндегі қарсыластары анықталды Фото: ҚТФ

Нью-Йоркте "Үлкен дулыға" санатына кіретін US Open турнирінің негізгі кезеңінің жеребесі өтті.

Жекелей сында Қазақстан намысын 4 теннисші қорғайды: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко.

Елена Рыбакина (WTA №10) бірінші айналымда америкалық Джульетта Парехамен (WTA №338) кездеседі.

Юлия Путинцева (WTA №54) италиялық Элизабета Коччиареттомен (WTA №87) ойнайды. Александр Бублик (ATP №24) хорватиялық тәжірибелі теннисші Марин Чиличпен (ATP №61) кортқа шығады. Александр Шевченко (ATP №89) испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаға (ATP №18) қарсы ойнайды.

Жарыстың негізгі кезеңіне қазақстандықтардан Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин және Дмитрий Попко да қосылуы мүмкін. Олар іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Қосымша раундта үш жеңіске жеткен спортшы ғана негізгі кезеңге жолдама алады.

Жұптық жарысқа Анна Данилина қатысады. Бұл санаттағы жеребе кейін тартылады.

US Open турнирінің негізгі кезеңі 24 тамыз күні басталып, 7 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу