Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері халықаралық турнирде жеті медальға қол жеткізді

238

Алматыда өткен "WTT Youth Contender Almaty" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. 23 шілдеде басталған жарыс 26 шілдеде аяқталды.  

Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері халықаралық турнирде жеті медальға қол жеткізді

Турнирге әлемнің 16 елінен үстел теннисінің шеберлері жиналды. Қатысушылар қатарында Гонконг, Үндістан, Катар, Қытай Тайбэі, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония және Қазақстан спортшылары болды.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасынан 86 теннисші әртүрлі жас санаттарында ел намысын қорғады. 235 спортшы бақ сынаған жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 2 күміс және 5 қола медаль иеленді. 

Жүлдегерлер қатарында күміс медаль иегерлері Алан Курманғалиев пен Злата Стадник бар. Қола медальдарды Каракат Мейірхан, Аделя Әлжанова, Нұрдәулет Азаматұлы, Жания Бекмұхамбетова және Арайлым Сапабек жеңіп алды.

Айта кетерлігі, турнирдің бас төрешісі Рамон Ортега Монтес (Испания), сондай-ақ шетелдік қазылар мен қатысушылар Алматыда өткен жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Бұл еліміздегі үстел теннисінің қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу