Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Олимпиада алтынын жеңіп алды

490

Ел құрамасының қоржынындағы медаль саны 3-ке жетті.

Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Олимпиада алтынын жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз тасжолдағы велоспорттың жекелей уақытқа жарысында мәреге бірінші болып жетті. Ол қашықтықты 11 минут 32,57 секундта жүріп өтті.

Күміс жүлде словакиялық Каролина Гайдуковаға (11:37.62), ал қола медаль ресейлік Ангелина Новолодскаяға (11:43.65) бұйырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны үшке жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль иеленген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу