Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатының шешуші жарыс күні ерлер арасындағы 1 шақырымдық сайыста қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жоғары нәтиже көрсетіп, сары құрлық чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 59.915 секундта еңсеріп, алтын медальға ие болды.
Екінші орын қытайлық Хан Ксиеге (59.929 секунд) бұйырса, үшінші сатыға жапониялық Риото Ичида (1:00.614) көтерілді.
Айта кетейік, Тагайтай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы алтын медаль. Бұған дейін отандық спортшылар элита санатында 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған болатын.