Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды

123

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды. 

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды Фото: Қазақстан велоспорт федерациясы

Бұл – Сауд Арабиясында алғаш рет өтіп жатқан ауқымды құрлықтық жарыс.

Әйелдер арасындағы элита санатында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Рината Сұлтанова 20 шақырымдық жарыста жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. 2-орынды Гонконг өкілі Йе Вин Лун алса, 3-орын қытайлық спортшы Хао Чжанға бұйырды.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында Глеб Новиков күміс жүлдеге ие болды. Ал U-23 санатында Қазақстан спортшысы Мария Елькина 2-орын алды.

5 ақпанда басталған Азия чемпионаты 11 ақпанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу