Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жағажай волейболынан топтық кезеңдегі екінші кездесуін де жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
25 қыркүйекте қазақстандық жұп Филиппин өкілдері Бернадет Понс пен Черри Энн Рондинадан 2:1 есебімен басым түсті.
Бірінші партияда Қазақстан 21:17 есебімен жеңсе, екінші партияда Филиппин 21:10 есебімен алға шықты. Шешуші партияда Қожахмет пен Қабылбекова 15:10 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық жұп топтық кезеңдегі екі кездесуінде де жеңіске жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу